Алдағы тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады

Елордада ертең де күн күңгірт тартып, ара-тұра жауын жауады. Жел де екпінді. Түнгі уақытта секундына 20 метрге дейін жетеді. Күндіз 12-14, ал қас қарая 2-3 градустың төңірегінде жылы. Одан арғы 13-і және 14-і күні де күн салқын, алабұлтты болады. 

Ертең Алматыда да әсіресе түн мезігілінде жаңбыр жауады. Алдағы үш күнде мұнда 20-22 градус жылы. Ал түнде 10-12 градустың шамасында төмендейді.

Жалпы осы күндері елдің біраз аумағында салқын түсіп, жаңбыр жауады. Тек батыс аймақтар ғана жауынсыз. Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары және оңтүстік пен шығыста, Атырау өңірінің батысында өрт қаупі туындайды.  Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында  күн суыта бастайды.

Сондай-ақ...