Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастады

Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады. Бүгінде ғалымдар ғылыми-зерттеу және коммерциялық мақсатта жасанды интеллектті дамыту мен енгізуде мол жетістіктерге жетті. Акустикалық талдаудың көмегімен жасанды интеллект Паркинсон ауруын, психикалық бұзылыстарды, тіпті кейбір жүрек қан-тамыры сияқты бірқатар неврологиялық дерттердің де даму ықтималдығын дауыспен-ақ анықтай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі емес бейне саундтректерін жасанды интеллект арқылы автоматты түрде аударудың жаңа әдісін әлем компаниялары айналымға дендеп енгізе бастады. Осы салада қызмет көрсетіп келе жатқан украиналық фаундерлердің көмегімен құралған швейцариялық компания енді қызметін қазақ тілінде де ұсынатын болды.

Александр Усик, WBA SUPER нұсқасы бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы:

Бұл жекпе-жек ерекше болды. Өйткені мен эмоцияларымды басқара алсам да әлі де аздап алаңдадым.

Денис Красников, Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы:

– Бұл жасанды интеллект арқылы кез келген бейнені 67 тілге және 60 диалектіге аударуға мүмкіндік жасалған. Жақсы жаңалықтың бірі сол – енді материалды қазақ тілінен де, қазақ тіліне де аударуға болады. Біз ірі компаниямыз және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз.

Жасанды интеллект бейне жазбаның жүзден 99 процент дәл аудармасын сол мезетте ұсынады әрі аударма даусы қазақы қоңыр мақамда. Құрылтайшылардың айтуы бойынша мұндай робаттар қаржы мен уақыт үнемдеуде де мол септігін тигізбек әрі нарықтағы дәстүрлі аудармаға қарағанда жұмысы жиырма процентке арзан. Бірақ жоба мақсаты – қаражатта ғана емес, мақсат – ұлттық тілдерді дәріптеу,дейді Vidby құрылтайшылары.

Денис Красников, Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы:

– Біздің компанияның миссиясы – аударма кезінде әлем халықтарының тілдік тазалығын сақтау, бейнеконтентті дамытуға жағдай жасау және ең бастысы - ана тілде білім алуға мүмкіндік ұсыну.

Дәл әрі сапалы берілетін аудармаға қоса, бағдарламалық құрал дыбыстық файлдан кез келген шу мен музыканы автоматты түрде өзі алып тастап, жасанды интеллект арқылы адам сөзін  анықтап, оның аудармасын дыбыстай алады. Бұл ретте оған онлайн редактор көмекке келмек, бұл видеодағы диалектілер мен бірегей атауларды аудару кезінде қолданылады. Тағы бір мүмкіншілік – SubRip субтитрі, осы қосымша арқылы жоғары сапалы субтитрлерді жасауға жағдай жасалған, бұл қызмет қосымша ақысыз қол жетімді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач