Жасанды интелект арқылы жасалған контент көбеймек  

2026 жылы ғаламтордағы контенттің 90 проценті жасанды интелект арқылы жасалмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурополдың құқық қорғау тобы осылай деп мәлімдеді. Мамандардың баяндамасында болашақта желідегі кез келген ақпаратты мұқият тексеру керек болатыны айтылған. Себебі осының салдарынан бұқараға жалған мәлімет тарату жағдайлары көбейеді екен. Қазірдің өзінде әлемдік өрмекшінің өрмегінде жайлаған жалған немесе бұрмаланған ақпараттың қарасы қалың. «Ал конттенттер жасанды интелект арқылы жасалса, қауіп одан бетер ушығып, алаяқтар көбеюі мүмкін» дейді мамандар.