Алдағы үш күн жылы болады

Ел тұрғындары жаймашуақ күздің жылы лебін алдағы бірнеше күн бойы сезіне алады. Синоптиктер әзірге күн суытуы болжанып отырмағанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

22,23,24-ші қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа температурасы 20 градустан жоғары, кей жерлерде 30 градустан асуы ықтимал. Тек батыс пен оңтүстік-шығыстағы тау бөктерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РГП баспасөз хатшысы:

- Еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады. Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады. Және тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының аздаған төмендеуі болжанады.

Сондай-ақ...