Еліміздің орталық және шығыс аймақтарында күн суытады

Еліміздің солтүстік өңірлерінде түнде термометр бағандары 1-6 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз +1 мен +6 шамасында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлермен қатар, еліміздің орталық және шығыс аймақтарында да күн суытып, жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Сондай-ақ синоптиктер бұл күндері жер қатып, тұман түсетінін болжап отыр.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РГП баспасөз хатшысы:

- Қыркүйектің соңғы аптасында күздің салқыны сезіле бастайды. Оған суық антициклонның келуі себеп. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Сондай-ақ алдағы тәуліктерде жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте дауыл тұрады. Ал, оңтүстік және батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 15-23 градус аралығында жылы болады.