Көмірге телефондағы қосымша арқылы тапсырыс беруге болады

Көмірге танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы тапсырыс беру жолдары пысықталып жатыр.

Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты. Мұны Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте айтты. 2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ке көп. Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету керек. Және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу жөнінде шаралар қабылданды. Осы орайда Үкімет басшысы көмір жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.