Азаматтардың кредит алу тарихы күн сайын жаңарып тұрады

Қазақстандықтардың несие тарихы күн сайын жаңарып жатыр.

"Несие бюролары және несие тарихын қалыптастыру туралы" заңға өзгерістер 1 қазаннан бастап күшіне енді. Оған сәйкес, енді әр азаматтың несие алуы, күн сайын бақылауда болады. Ал бұрын тұрғындардың кредит тарихы 15 жұмыс күні сайын жаңарып отыратын. Бұл мерзім қазақстандықтардың қарыз жүктемесінің коэффициентін жедел әрі салмақты саралауға мүмкіндік бермейтін. Қолданысқа енген жаңа өзгеріс сондай-ақ заңсыз несие рәсімдеу деректерін, дер кезінде анықтауға көмектеседі.