Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК еліміздің жеті облысында бүгін қатты жел болатынын болжады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Түнде Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.