Қаздиромет: алдағы үш күн жауын-шашын болады

Қаздиромет: алдағы үш күн жауын-шашын болады

Бірқатар өңірде жауын-шашын соңы бұрқасынға ұласады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер алдағы үш күнгі ауа-райын осылай болжап отыр. Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, ертең солтүстікте  жауын жауады. Ал 28 қазан шығыста қар аралас жаңбыр күтіледі. Аптаның ортасында батыс өңірлерге, кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны қонақтайды. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ пен тұман болжанып отыр. Ауа температурасы кей өңірлерде түнде -15 градусты көрсетеді.