Қазақстанның басым бөлігінде дауыл соғады

Астана қаласы мен Ақмола облысында қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел мен көктайғақ болады.

Қарлы боран Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында соғуы мүмкін. Ал Қызылорда және Ақтөбе өңірлерінде қалың тұман болады. Сондай-ақ дауылды ескерту Шымкент пен Абай облысында, Жетісу мен Маңғыстауда жарияланды. Сол себепті тасжолдар қысқы маусымға әзірленді. Арнайы техника мен жылыту пунктері, оның ішінде көктайғаққа қарсы 23 мың тоннадан астам тұз және 120 мың текше метр құм дайындалды. 

Сондай-ақ...