Еліміздің 11 өңірінде күн райы күрт суытты

Бүгін еліміздің 11 өңірінде күн райы күрт суытты. Осы орайда Қазгидромет дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Шымкентте қатты жауын-шашын мен жел соғады деп күтіліп отыр. Түркістан облысында да жаңбыр жауып, кей аймақтарда тұман болады. Жамбыл облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Қызылорда мен Қарағандыда осындай құбылыстар байқалады. Ұлытауда қарлы боран басталып, жер көктайғақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстанда да ауа райы бұзылады.

Сондай-ақ...