14 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 20 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Қызылорда облысының солтүстігін тұман басады. Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарына да тұман түседі деп болжайды.

Алматы қаласында да түнде және таңертең, сондай-ақ тұман. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында көктайғақ болады. Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман болуы мүмкін.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. 20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.