Сынап бағанасы ШҚО-да 40 градусқа дейін төмендеді

Бүгін  мектептерде сабақ уақытша тоқталып, оқушылар қашықтықтан білім алды.  Өскемен жылу электр Орталығының жұмысы да сыр берді. Ал, қала жастары мен кейбір мекеме мамандары көше тазалап жүрген  жұмысшылар  мен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай тараттты.

Қатты аязда Өскемен жылу электр орталығы  пәтерлерді жылыта алмай жатыр. Желідегі су мөлшері көбейіп, салдарынан температура түсіп кеткен.  Тұрғындар баспанасының салқындап кеткенін айтып шағымдануда.  Дегенмен  жылу станциясында ақау болғанын мамандар жасырмады. Қазандық агергаттарының бірінде датчик істен шыққан. Бірақ екі сағат ішінде  жөнделген. Енді су айналымы қалыпқа келгенше шыдауға тура келеді.

Евгений Васильев «Өскемен ЖЭО» кезекші аға инженер:

- Қазір станция қызметі штаттық режімде.  7 қазандық 6 турбоагрегат жұмысы істеп тұр. Дегенмен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Станция қуатын азайтып, керісінше желідегі темпереатураны арттыруға мүмкіндік жасадық. Ішкі шаралар аяқталған соң,барлығы реттеледі.

Шыңылтыр аяз шаһардағы көлік қозғалысын қиындатты. Қоғамдық транспорттың 40 проценті желіге шықпады. Жүріп жүргендері де жиі сынып жатыр. Оны ауыстыратын келесі көлік шыққанша аялдама адамға  лық толады. Аязға шыдамай электр сымдары үзілген трамвайлардың да бірнешеуі тұралап тұр.  Дегенмен автопарк қазір күшейілген тәртіпке көшіпті.

Нұрсұлтан Кәрібеков, қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры:

- Техниканың аты техника,шыдамай жатыр. Мәселен жүріп келе жатып сынып қалған автобусты өздерінше жөндемек болған екі жүргізушіміз қолдарын үсітіп алды. Негізінен олар сол жерден  жолаушыларды  түсіріп, автопракке қайту керек еді, бірақ адамдарды тиісті аялдамаға жеткізіп салмақшы болып жанталасқан.Сондықтан ешкімге оңай тимей тұр.Тұрғындар осы келеңсіздіктерге 

Қала жастары болса қайырымдылық жасауға көшті. Автобустарын сарыла күткен аялдамадағы жолаушыларға ыстық шай, бәліш таратты.  Олар күн райы қандай болса да міндетін мінсіз орындайтын коммуналдық  сала жұмысшыларын да ұмытпады.

Мұратбек Сали, жұмысшы:

- Жылы шайларыңызға рахмет, жақсы кішкене қол аяқ жылынады рахмет сіздерге рахмет істеп жатқан көмектеріңізге.

Айдос Әділбеков, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры:

- Осындай аязды күндері қайырымды болуға шақырамын.Қоғамдық көлік күтіп тұрған аялдамадағы адамдарды алып кету, сынып қалған көлік болса, тоқтап көмектесу, Мейлінше бір бірімізге қайырымды болуға шақырамын.

Жастардың ізгі ісін қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері де іліп әкетті. Олар да аяздан домбыққан тұрғындарға ыстық сусын мен бауырсақ таратып, қайырлы істі жалғастыруға шақырды. Синоптиктер болса түнде облыста сынап бағанасы 36-38 кей жерде 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін дейді. Ал ертең аяз сынады. Өскеменде күндіз 21-23 градус суық болады деп болжанды.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов