Әлемдегі ең кәрі тасбақа 190 жасқа толды

Джонатан есімді бауырымен жорғалаушы Әулие Елена аралына 1882 жылы сыйға тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол құрлықтағы ең кәрі жануар болып есептеледі. Осындай танымалдылыққа ие болған тасбақа Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Қартайғандықтан Джонатанның денсаулығы сыр беріп жүр. Қазір ол иіс сезбейді.

Оның үстіне, көздері де көрмейді. 190 жасқа толған жануардың туған күні аралда 3 күн бойы тойланбақ. Губернатордың үйінде өтетін думанға онда тұратын барлық адам жиналады деп күтілуде. Джонатанға сыйлық ретінде тасбақа пішініндегі торт пісіріліп, оның өмірі жайлы анимациялық ролик көрсетілетін болады.

Сондай-ақ...