Бүгін оқушылар қашықтан оқиды

Алдағы күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Өзге өңірлерде де ауа температурасы төмендейді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бүгін аяздың күшеюіне байланысты елорда мектептерінде бірінші ауысымда оқитын балалардың барлығы қашықтан білім алады.

Сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері үшін де сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.