Ауа райына байланысты ШҚО-да көлік қозғалысы шектелді

Ауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Өскемен-Семей тас жолында көлік қозғалысы шектелді.

Жолаушы тасымалдайтын рейстік автобустарға және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктерге қатынауға тыйым салынды» деп хабарлайды Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Осы ретте құтқарушылар жолда қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мектептерінің бірінші ауысымындағы 9-сыныпқа дейінгі оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.