Өскеменде рекордтық мөлшерде қар түсті

30 сағат бойы үздіксіз жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезіне байланысты өңірде жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан оқуға көшті. Ал коммуналдық қызметкерлер ақ ұлпаны тазалап бітер емес. Мұндай қар алты жылдан бері жаумаған екен. Қаланы тазалауға 200-ден астам маман жұмылдырылды. Таңертең желіге 207 автобус шықты.