Ақпан-тоқпан: ауа райы құбылып тұр

Күн райы құбылмалы болып тұр.

Алда оңтүстіктегі кей өңірде жауын жауса, батыста күн 15 градусқа дейін суытады. Жалпы елде аса суық болмағанмен күн тұманданып, жауын жаууы ықтимал. Оның соңы көктайғаққа ұласады. Жалпы қазақ "ақпан-тоқпан" деп атаған бұл мезгілде күн райы құбылмалы келеді. Күнннің көзі жібіп, қар ери бастағанмен, демде бұзылып жел көтеріліп кетуі ықтимал. Сондықтан жолға қамданып шығу керек дейді құтқарушылар. Ал қазір Оңтүстік пен Арқада күн жылы болғанымен солтүстік өңірлер мен Қостанай жақта бұрқасын соғып тұр.

Ардақ Қалменова, "Қазгидромет" РМК басқарма басшысы:

- Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8 аяздан 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы күтіледі.