Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
25 ақпаннан бастап Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқаптарында жауын-шашынның көп түсуіне және қардың жұмсақтығына байланысты халық пен автокөліктің қозғалысына шектеу қойылды. Нақтырақ айтсақ, Аюсай шатқалынан жоғары және Шымбұлақ-Эдельвейс автожолдары жабық және полиция департаментінің күштерімен блокбекеттер қойылды.
