Еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды

Күн райы құбылмалы болып тұр.

Боран мен тұманнан жолдың бағытын анық көру қиындаған. Осыған байланысты елдің 3 өңіріндегі 5 жол учаскесі жабылды. Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді. Қозғалысқа шектеу көліктің барлық түріне қойылған. Қазір жолдар тазартылып жатыр. Бұған 500-ден аса техника мен мыңнан аса маман жұмылдырылды.