Елорда мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, Шығыс-Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында сырғыма жүреді.

Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Қостанай мен Жамбыл өңірлерін тұман басады. Бұдан бөлек, синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін айтып отыр.