Республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері жабылды

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ел аумағында жел күшейіп, жауын-шашын сақталады.

Солтүстікте, шығыста қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстікте жаңбыр, бұршақ жауады. Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында бұрқасын. Ақтөбе, Атырау, Абай облыстарында жаңбыр мен қар жауады деп болжайды Қазгидромет. Республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 300 арнайы техника мен 350 маман жұмылдырылды.