Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз, бұрқасын, көктайғақ болады.

"Қазгидромет" болжамынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында қар жауады, ауа температурасы күрт төмендеп, жел күшейеді. Ал Солтүстік және Шығыс аймақтарда жаңбыр сіркіреп, соңы қарға ұласады. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қостанай өңірлерін тұман басып, жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жел тұрады. Құтқарушылар  жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.