Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы айтылды

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы айтылды

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауады; тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райын Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.