Ауа райы құбылмалы болады
3 қазанда Қазақстанда күн райы құбылмалы болады.
Қазгидромет мәліметінше, батыс пен шығыс аймақтарда жаңбыр селдетіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аумақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. Жалпы республиканың басым бөлігін қалың тұман бүркейді. Мұндай ауа райы алдағы 2 күн бойы сақталады деп болжанып отыр.