Zhas Project жобасына құжат тапсыру басталды
Жетісу облысында 1 миллион теңгелік грантқа құжат қабылдау басталды.
Жастар санатындағы үміткерлер 22 қазанға дейін «Zhas project» сайтына өтініш жазып, ауылдардағы әлеуметтік проблеманы шешуге бағытталған жобаларын жіберуі керек. Үздіктері қараша айында анықталады. Соның негізінде 14 адамға өз ісін бастауға қаражат аударылады.
Бұдан бөлек, 18-35 жас аралығындағы жұмыссыздар үшін өңірде «Тәуелсіздік құрдастары» деп аталатын бағдарлама жүзеге асып, 30-дан аса адам 3 миллион теңгеден қайтарымсыз ақыға қол жеткізді.
Еркебұлан Ақболатов, «Жетісу жастары» КММ директорының міндетін атқарушы:
- Бүгінгі күні 300-ден астам жоба ұсынылса соның 280-і қолдау тауып, қазір ауылда ауданда қалаларда 2,5%-пен несие алған азаматтар жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жерде 50%-і кәсібін жетілдіргендер болса, 50%-і жаңадан ашып жатыр.