ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады

Кешелі бері аймақтар тұрмақ Астана сүрлігіп жатыр.

Қазгидрометтің хабарлауынша елдің көп бөлігінде бұрқасын соғып, артынан жауын жауған. Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Абай одан былай Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз аумағында қар борап, кей тұста жылбысқы қар түсті. Көктайғақ. Республиканың өзге де біраз өңірінде жел күшейіп тұр. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі елдің барлық тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертеді.