Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артады

Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды.

Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға  арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ. Сондай-ақ суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.

Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК

Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК

Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК

Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК