Ауа райы болжамы: 14 облыста ескерту жарияланды
Қазақстанның 14 облысында 13 қазан күнгі ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабар таратты.
11-13 қазан аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
13 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкент қаласында 13 қазанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында 13 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
13 қазанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада 13 қазанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетауда 13 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
13 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қаласында 13 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
13 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Оралда 13 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
13 қазанда Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
13 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөқтайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда 13 қазанда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда 13 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
13 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 қазанда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Таразда 13 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.