Жаңа заң: баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
Баспана кезегіне бұрынырақ тұрғандар сәйкесінше пәтерге алдыңғы кезекте ие болады.
Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заңда осы мәселе ескерілген. Жаңа тәртіпке сай енді азаматтарға баспана беру олардың кезекке алынған мерзіміне байланысты қарастырылады. Бұрын баспананы үлестіру азаматтардың белгілі санатына сай іске асырылатын.
Тағы бір маңызды тетік – баспана кезегінде тұрған азаматтардың табыс деңгейіне назар аударылады. Яғни кірісіне сай жалдау құнын мемлекет тарапынан субсидиялау немесе жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру мүмкін болады.