«ҚазАвтоЖол» ҰК республикалық жолдарда көлік қозғалысын шектеу туралы ақпарат таратты
«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі республикалық жолдарда көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.
Жетісу облысы:
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 13:20-да ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Павлодар облысы:
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 16:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Ақмола облысы:
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 16:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 17:00–де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. — Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жібек Жолы төлем ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы:
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлем ақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 1206-1367 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ұлытау облысы:
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда - Павлодар» автожолының 433-756 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласынан Жанаарқа ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.