Елордада күн райының бұзылуына байланысты екінші ауысымдағы барлық сынып оқушыларына мектепте сабақ болмайды. Олар бүгін оқуын қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Қазгидрометтің хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы жел екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып тұр.