Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кеншілер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Қазір тиісті құжат Мәжіліс депутаттарының қарауында. Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: - Қазір бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр. Егер құжат қолдау тапса, онда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 55 жасқа толған кеншілер мен сол салада 7 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар зейнетке шығатын болады.