28 тамыздан 3 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 400 мыңға жуық адам келген. Яғни орташа есеппен қалашықты күніне 56 905 адам тамашалаған. Келушілердің рекордтық саны 3 қыркүйек күні тіркелді. Бұл күні көрмеге 75 мыңнан астам адам келді. Айта кетейік, 10 маусымнан 3 қыркүйекке дейін ЭКСПО-ға келушілер саны 3 525 291 адамға жеткен. Келушілер ең көп тамашалаған халықаралық павильондар көшін Мысыр бастап тұр. Одан кейінгі үштікті Африка Плазасы мен Түркия павильоны түйіндейді. Ал көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандар қатарында: Нұр Әлем, коммерциялық павильондар және «Шелл» балалар зертханасы бар.