«Казгидрометтің» болжауынша, Қазақстанның басым аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс аймағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталуы мүмкін. Жаңбыр мен қар жауу ықтималдығы жоғары. Түнде еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсерлі жаңбыр жауады деп болжанған. ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста көктайғақ, шаңды бұрқасын болады.