Қазгидромет синопиктері 24 ақпан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.