Осы аптаның соңында солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аймақтарда түнде минус 10-20 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10, ал, таулы аймақтарда температура 10-15 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер аптаның басында басталған жауын-шашын бірнеше күнге жалғасатынын болжауда. Алдағы күндерде солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр мол түседі. Сондай-ақ елдің басым бөлігінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды. Ертең Қарағанды, Жамбыл облыстарында желдің екпіні секундына 30 метрден асады.