2022 жылы демалыс күндері Халықаралық әйелдер күні мен Конституция күніне ауыстырылады. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «2022 жылы демалыс күндерін кейінге қалдыру туралы» үкіметтің қаулысына қол қойды. – Үкімет демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге, 2022 жылдың 27 тамызы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады, – делінген құжатта. Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз. Сондай-ақ, Конституция күнінде үш күн демалады – 28, 39 және 30 тамыз. Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; Православиелік Рождество – 7 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр; Жеңіс күні – 9 мамыр; Астана күні – 6 шілде; Құрбан айттың бірінші күні (2021 ж. 20 шілде); Конституция күні – 30 тамыз; Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан; Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан.