Жамбыл облысында ЖИ науқастарға диагноз қояды

Жамбыл облысының тұрғындарына жасанды интеллект диагноз қояды.

Цифрлық жүйе сәулелік диагностика саласында кеңінен қолданылмақ. Компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, рентгенография, флюорографияға түскен адамның диагнозы дәрігерге бармай-ақ екі минутта дайын болады. Жүйе 95 пайызға дейін нақты шешім шығарады. Жоба жыл соңына дейін жүзеге асады. Ол үшін облыстық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға аймақтағы 392 медициналық мекемеге жоғары жылдамдықты интернет қосылып, ортақ сервер орнатылады. Соның нәтижесінде алыс аудандардағы науқас диагнозын облыстық аурухана немесе ұлттық ғылыми медицина орталығының дәрігерлері көре алады. Жалпы мұндай тәжірибе Түркия, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапонияда кеңінен қолданысқа енген.  

Ерік Мұсабаев, денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- Жобаның арқасында бір күндегі өткізетін азаматтардың және істеліп жатқан снимоктардың саны көбейеді. Флюрографиядан өткен рентгеофиядан өткен көп азаматтарымыз өкпе ауруы қатерлі ісігінің басқа да қатерлі ісіктерде КТ МРТ-дан көрінеді. Бірақ ол на ранней стадии пропускается. Бұндай уровенде азаматтар әлі де кейбіреулер диагноз қоя алмайды кейбір дәрігерлер. Ол бұл дәрігерге үлкен көмек.