Астанада алғаш рет көпұрықтық жүктілік кезінде екі жатырішілік операция жасалды

Астанада алғаш рет көпұрықтық жүктілік кезінде екі жатырішілік операция жасалды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін University Medical Center базасында Астанада алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен бір жыл бұрын іске қосылған «Феталдық медицина» жобасының шеңберінде екі сирек жатырішілік операция жүргізілді.

Шақырылған ресейлік сарапшылар-медицина ғылымдарының докторы, ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Кирилл Костюков пен медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог, академик В. И. Кулаков атындағы Акушерлік, гинекология және перинатология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүктілік патологиясы бойынша маманы Виктория Сакало (Мәскеу қ., Ресей) UMC командасымен бірге зергерлік дәлдікпен монохориондық көпұрықтық жүктіліктің асқынуларын түзетуді орындады: фето-ұрықтың трансфузиялық синдромы және кері артериялық перфузия синдромы.

Мамандардың айтуынша, монохориондық егіздер бір жұмыртқадан түзіледі. Бұл балалар генетикалық жағынан бірдей, олар өте ұқсас, бірақ мұндай жүктіліктің асқынуы бихориалдық егіздерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.

Мұндай жүктіліктегі патологиялар көбінесе ұрықтың дамуындағы тамырлы ауытқулармен байланысты, біріккен тамырлар, біркелкі емес қанмен қамтамасыз ету байқалады, бұл қолайсыз нәтиже қаупін едәуір арттырады.

Қазақстанда акушерлік практикада пренаталдық диагностиканы енгізудің есебінен бүгінгі таңда осындай жатырішілік патологияларды ерте клиникаға дейінгі анықтауда жеткілікті тәжірибе бар.

Феталдық медицина бойынша мастер-кластың бірінші күні еліміздің барлық өңірлерінен пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс бас мамандар, сондай-ақ өңірлік ұрықты сақтау орталықтарының басшылары қатысты.

Жалпы Қазақстанда ұрық хирургиясы бойынша бағдарлама жұмыс істеген жылы 35 жатырішілік операция сәтті жүргізілді, бұл болашақ 32 нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Алдағы жылдары бағдарламаны кеңейту жоспарлануда, оның ішінде жыл сайын еліміздің жетекші медициналық орталықтарында 150-ге жуық феталдық операция жасалады.

Қазір мұны тек Алматы балалар кардиохирургиясы орталығының және елордалық Ана мен бала орталығының мамандары ғана жасайды. 

Сонымен қатар 15 перинаталдық орталықта туа біткен кемістікті диагностикалаудың қолжетімділігін арттыру үшін «Бір күндік клиникалар» ашылды. Онда 30 мыңнан астам жүкті әйел кешенді зерттеп-қараулардан өтті, бұл патологияны ерте анықтауға және өмірге сәйкес келмейтін кемістіктері бар балалардың туылуын болдырмауға көмектесті.