Елімізде соңғы 12 жылда ағза ауыстыру бойынша жүзден астам операция жасалған
Ұзақ жылдар бойы бауыр циррозымен ауырған науқас Назым Шоқанова бүгін елордадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтан жазылып шықты.
43 жастағы елордалық әйелге таяуда қайтыс болған донордың бауыры салынды. Операцияға дейінгі ем-дом нәтижесіз болған соң, ағза ауыстыруға тура келген. Өкінішке қарай, туысқандары арасында тиісті донор табыла қоймаған. Операция сәтті өтті, дейді дәрігерлер.
Абылайхан Шәрменов, дәрігер-хирург:
- Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласында жергілікті ауруханада мәйіттік донор табылды. 63 жастағы науқас. Кісіні бауырды алып келдік бригада болып бардық. Соны науқасқа салдық. Операция 7 сағатқа дейін созылды. Операциядан кейін науқас 2 аптадай бөлімшеде жатып, сауығып шықты.
Назым Шоқанова, науқас:
- Қазір жақсымын. Бұрынғыдан жақсымын. Бұрын мүлдем жүре алмай қалдым. Қатты қорықтым, уайымдадым. Қазір жақсымын, Құдайға шүкір.
Дәрігерлердің арқасында Астана тұрғыны аман қалды. Айта кеткен жөн, Петропавлда қайтыс болған донордың жүрегі мен бүйрегі тағы екі науқасқа салынды. Осылайша соңғы 12 жылда Ғылыми онкологиялық орталықта ағза ауыстыру бойынша 100-ден астам операция жасалды.