БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 700-дей науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды.
Бұл кемшілікті арнайы тексеріс жүргізген аудандық прокуратура анықтады. Түрлі диагнозбен есепте тұрғандар өздеріне тиесілі препараттарға қол жеткізе алмаған. Тек құзырлы орган өкілдерінің араласуынан кейін тұрғындардың құқығы қорғалып, дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілген.
Ернат Мақсотов, БҚО прокурорының аға көмекшісі:
- Бөлінген ақша жетпей қалған. Сол себепті 700-дей адам дәрі-дәрмекті уақытылы алмаған екен. Ал прокуратураның қадағалау актісінен кейін аудандық аурухана денсаулық сақтау басқармасынан ақшалай қаражат сұратқан болатын. Қазір азаматтарға дәрі-дәрмек толықтай жеткізілді.