Елде репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Елде репродуктивті денсаулық апталығы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл кең ауқымды ақпараттық науқан жастар, әйелдер мен ерлер сондай-ақ отбасын құрған ерлі-зайыптылар үшін маңызды. Дәрігерлер емханаларда ашық есік күндерін өткізіп, жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіреді.

Оқу орындарында арнайы дәрістер оқылады. Осы күндері қалаған жан репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша мамандардан тегін кеңестер алуына болады. Шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамашы болып отыр.

Айта кетейік, қазір өңірлерде 103 «Жастар денсаулығы орталығы» жұмыс істейді, келер жылға дейін балалар гинекологиясын дамыту жөніндегі «Жол картасы» бекітілген.