Ұлдарға да адам папилломасы вирусына қарсы екпе салғызу ұсынылды
Адам папилломасы вирусына қарсы екпені жасөпірім қыздар ғана емес, ұл балалар да алуы керек.
Өйткені бұл вирусты ер азаматтар да жұқтырады. Репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел кезінде осындай ұсыныс айтылды. Себебі, адам папилломасы вирусы жатыр мойны ғана емес, көмей, тік ішек обырына да әкеп соғуы мүмкін.
Айта кетейік, жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында 77 мыңнан астам оқушы қызға екпе салынды. Бұл әзірге иммундау тобының 46%-ін ғана қамтып отыр.
Назым Жанғазы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі:
- Өңірдің өзінде де біз мысалға кішігірім фокус-группа өткізген кезде 100 бала отыр, 100 жасөспірімнің ішінде «кім урологқа барды соңғы рет?» десе, 5-6-ақ адам қол көтеріп отыр. Ол нені білдіреді? Жасөспірімде әрине, жыныстық қарым-қатынасты бастаған кезде, бастап кеткеннен кейін олар ешқандай урологқа бармайды. Өйткені біріншіден ұят, екіншіден, «біз бармаймыз, ешкімге көрсетпейміз және ол ауырады» деп сондай бір түсініктері қалыптасып қойған. Енді біздің жұмысымыз тек қана қыздармен, әйелдерге ғана жауапкершілік артпай, еркектермен де жұмыс істеп жатырмыз.