Медицина саласында қандай мамандар тапшы?

Елімімізде акушер-гинеколог, реаниматолог, неонатолог және инфекционист мамандар жетпейді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстар» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Тапшылықты осы мамандықтарға білім грантын көбейту немесе резиденттерді қайта даярлаудан өткізу арқылы шешуге болады. Жаңа технологиялар шыққандықтан, инновациялық емдеу тәсілдерін меңгеру де маңызды. Бүгінде кез келген маман біліктілігін  арттыра алады. Конференция аясында медициналық оқу орындарының резиденттері үшін жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аймақтардағы денсаулық сақтау ұйымдары өздеріне қажет мамандардың тізімін ұсынды. Сонымен қатар медицина саласындағы стартап жобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Жаңа препараттар, экзоскелеттердің жетілдірілген нұсқалары, сондай-ақ пациенттің сауалнамасы негізінде жасанды интеллекттің көмегімен созылмалы ауруларды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін жобалар таныстырылды.

Маржан Бірімжанова, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі-қазақстан медицина универститеті ректорының кеңесшісі:

- Қандай да бір реформа болмасын, қандай да бір жаңа технологиялар келмесін, медицина саласына бәрін игеретін іске асыратын мамандар. Сондықтан осы мамандардың біліктілігі, мамандардың мотивациясы, мамандардың қолжетімділігінің бәрі осы кадрлық ресурстар саласындағы тиімді ұйымдастыру жұмыстарына келіп тіреледі деп ойлаймыз. Сондықтан өздерінің ақпараттық материалдарымен таныстырып, таратып, площадканы тиімді етіп ұйымдастыру біздің мақсатымыз.