Атырауда 100-ден астам бала иппотерапия арқылы оңалтудан өтті

Астаналық дәрігерлер Атырау облысында жүйке жүйесінің ауыр, кең көлемді зақымдануы бар балаларға кешенді медициналық тексеру жүргізе бастады.

Мамандар науқастардың  клиникалық деректерін жинақтап, әр балаға жеке медициналық нұсқаулар әзірлейді. Сондай-ақ, иппотерапиялық ем жүргізетін мекемелердің жұмысымен танысып, нәтижесін сараптайды. Бүгінде өңірде неврологиялық дертке шалдыққан 4,5 мыңға жуық науқас бар. Оның 70 пайызы 18 жасқа дейінгілер. Ағзасында  ауыр неврологиялық ауытқулары бар балаларға арналған бұл орталықта 112 бала тіркелген. Оның ең кішісі 3 жасар сәби болса, ересегі 17 жаста.  Биыл тағы 40 науқас қабылданады деп күтілуде. Орталық тәрибеленушілері иппотерапия емін 2022 жылдан бері үзбей қабылдап келеді. Нәтижесі жаман емес,-дейді мамандар.

Анар Каюпова, №3 арнаулы қызмет көрсету орталығының директоры:

- Аптасына 3 рет барады. Бірақ та күнде баруға құштар. Себебі көрген сайын атқа барамыз дейді. Атты жақсы көреді. Бұл балаларға біздер психологиялық, медициналық әлеуметтік педогикалық дамыту жұмыстарын жасаймыз. Балалар онан көптеген нәтиже алып жатыр. Себебі бір орында отыра алмайтын гиперактивный балаларда кішкене тұрақтылық пайда болды., коммуникабельность деген сияқты, сосын эмоцияналдық қабылдау пайда бола бастады.