Абай облысында 204 мың қыз бала папиллома вирусына қарсы вакцина алды
Елде жатыр мойыны қатерлі ісігінен күн сайын екі әйел көз жұмады.
Қазір онкогинекология бөлімшесінде 300-дей әйел есепте тұр. Бұл туралы Абай облысының штаттан тыс бас онкологы мәлімдеді. Дерттің алдын алу үшін жасы он бірден асқан 204 мың қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды. Екпе егу былтыр қыркүйек айында басталды. Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында осы мәселе талқыланды. Вакцина қатерлі ісіктен қорғанудың сенімді жолы, дейді мамандар.
Баян Бекетова, Абай облысының штаттан тыс бас онкологы:
- Абай облысында жыл сайын 80-нен астам әйел жатыр мойыны обыры диагнозымен есепке алынады. Бұл дерттің пайда болу себебі адам папилломасы вирусы. Дәрігерге уақытылы қаралса, дертті ерте анықтап дер кезінде ем-шара қабылдауға болады. Ал вакцинация арқылы бұл аурудың алдын алуға болады.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" филиалының директоры:
- Бұл вакцинаның өте тиімді және қауіпсіз екенін бүкіл жер шары дәлелдеп отыр. 500 млн артық бүгінгі күнге дейін вакцинация жасалынған кезде бірде-бір жағдайда қауіп қатер туғызып жатқан немесе вакцинаның қолайсыз жағдайлары тіркелген жоқ.