Медбикелердің қызметі жаңа деңгейге көтеріледі

Елімізде медбикелердің қызметі жаңа деңгейге көтеріледі.

Бұл туралы Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді. Оның айтуынша дәрігер мен мейірбике жұмысының жүктемелері қайта бөлінеді.  Демек, жеке мейіргерлік қабылдау енгізіледі. Бұл дегеніміз бұдан былай емделушіні медбике толыққанды маман ретінде қабылдай алады. Мейірбикелік диагноз қояды. Айта кетейік, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жоспар өз нәтижесін бере бастаған.  Медициналы-санитарлық алғашқы көмек дәрігерінің қабылдау мерзімі ұзартылды. Яғни бұрын дәрігер қабылдауы 4-5 сағат болса, қазір бұл уақыт 6 сағатқа созылады. 

Айгүл Қасымова, ҚР ДСМ Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры:

- Қазақстанда 600-ден астам медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсетеді. Олардың 62%-ы қалада, 38%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар шамамен 15 миллион адамға, жекеменшік ұйымдар 5 миллион адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде емделушілерді қарау және көмек көрсету тәсілдеріне басымдық қайта қаралды. Мейіргерлік қабылдау енгізілді. Әрі бейінді мамандарға өздігінен жазылу мүмкіндігі іске асырылды.