Елімізде 230 мың адам обырмен күресіп жатыр
Әлемді обыр жайлап жатса, біздің елдегі жағдай қандай деген сұрақ туындайды. Айтайық.
Қазір бізде 230 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігі: «Әсіресе, экологиялық ахуалы нашар өңірлердегі көрсеткіш алаңдатарлық», - дейді.
Бүгінде Алматыда 34 мың адам обыр дертімен күресіп жатыр. Екінші орында Қарағанды өңірі тұр. Мұнда 21 мың адам есепке алынды. Тізімді Астана түйіндейді. Мегаполисте 16 мың науқас бар. Жалпы елдегі қалаларда өмір сүретін 100 мың адамның 240-қа жуығында қатерлі ісік анықталған. Ал ауылда 100 мың адамға шаққанда 147 науқастан анықталды.