МӘМС медицинаның негізгі қаржы көзі болады
Елде міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесі енгізілгелі медицинаны қаржыландыру көлемі артқан.
МӘМС-тің арқасында тіпті дәрігерлердің жалақысы өсіп, ем алушыларға көрсетілетін қызмет сапасы жақсарыпты. 5 жылдан бері қоғам талқысынан түспей келе жатқан мәселеге қатысты бұндай оң пікірлерді бүгін Денсаулық сақтау министрі Үкімет үйінде айтты.
Мәселесі бітпейтін МӘМС-тің тиімді тұстары да жетерлік. Ел азаматтарының айлығынан алынатын ақшаның арқасында медицна саласы серпін алыпты мыс. Мәселен, 7 жыл бұрын 1 адамның ем-домына бөлінетін қаржы 98 мың теңге болса, қазір бұл сомма 258 мың теңгеге жеткен. Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесінің шапағатын әсіресе ақ халаттылар көріп отыр. Дәрігерлердің жалақысы 3 есеге жуық өсіпті. Нақтырақ айтсақ, 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін ұлғайған.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Министрлік халықты медициналық қызметтермен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізді. Соның ішінде созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау жетілдірілді. Медициналық алғашқы көмек, дәрігерлердің қабылдау уақыты ұлғайтылды. Жоспарлы қабылдаулар енгізілді. Құіреттер кеңейтілді.
Медцина елдегі әрбір азаматқа қолжетімді болуы тиіс. Келер жылы 2026 жылы бұрын МӘМС жүйесінде ем ала алмаған қосымша бір миллионға жуық адам сақтандыру жүйесімен қамтылады. Бас дәрігердің дерегінше жарна төлеп жүргендер 11 млн қазақстандықтың 60 пайызын құрайды. Ал мәмс-ке тіркеуге тұрмағандардың жүргендердің жартысынан көбінде жақсы табыс табатындар дегенге келтірді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Сақтандырылмаған 2.4 млн адамның 2 жарым миллионға жуығы ұзақ мерзімді активтері мен эжеткілікті табыстары бар халыққа тиесілі. Әкімдіктер сақтандырылмаған тұлғаларды жүйеге тарту шараларын күшейту қажет.
МӘМС айтылған жерде міндетті түрде мәселе де қатар айтылады. Сын түзелмей, мін түзелмейді деп жүргелі 5 жылдан асып барады. Жұрттың сөзіне жиі қалатын жүйеге қатысты Бектенов те пікір білдірді. Үкімет басшысы МӘМС-ті түсіну қиын деп, медициналық көмек көрсету стандарттарын қайта қарауды тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Кейбір жаңа ережелерді түсіну қиын. Сондықтан әрбір адам медициналық көмек алу тетіктері мен оны жетілдіру жұмыстарынан зхабардар болуы керек. Балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектер мен азаматтардың басқа да жеңілдікті санаттарына медициналық көмек көрсету тәртібі мен көлемі өзгеріссіз қалуы тиіс.
Келер жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджет есебінен Медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады. Осылайша МӘМС-тің мәселесін көрген көптің енді нәтижесін көретін кез келгендей. Бас дәрігер өз сөзін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі нәтиже беруде деп қорытындылады.